13 Апрель 2018

       «RIC ON EXPORT» ауыл шаруашылық тауарларын экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Сарыағаш ауданында тауар өндірушілермен және әкімшіліктердің мүдделі басшыларымен өнімді экспорттау мәселелері бойынша кездесу өтті.

 

       Кездесу «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» МҚҰ бастамасымен ОҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы АҚ мен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының бірлесе ұйымдастырылды.

       Іс-шара барысында шетелдік нарыққа шығуды көздеген кәсіпкерлер үшін ұсынылатын мүмкіндіктер мен қолдау тетіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бизнесті дамыту жолында пайда болатын сұрақтар, кедергі және проблемалардың барлығы жан-жақты талқыға салынып, кәсіпкерлерге проблемалардың шешу жолдары кеңінен түсіндірілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді. Осы орайда, ЭСК «KazakhExport» АҚ-ның өкілі Алмас Калкаев компанияның миссиясын қатысушыларға таныстырып өтті.

       Айта кету керек, «KazakhExport» компаниясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер экспортының өсуіне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарға қаржы сақтандыру және қаржылық емес қолдау көрсету практикасын қалыптастыру болып табылады.