21 Февраль 2018

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының конференциялар залында «Turrin Legacy SA» итальяндық холдингінің вице президенті,  инвестор, ірі кәсіпкер Лука Турринмен кездесу өтті.

sotrudnichestvo s italyanskoj kompaniej1

Шараға АИО төрағасы Қ.Байтөре басшылығымен компания өкілдері және ОҚО-ның ірі кәсіпкерлері қатысты.

Инвестордың біздің өңірге жасаған сапарының мақсаты – АИО әзірлеген бңрнеше жобаларға инвестиция салу мәселелерін қарау болып табылады.

Кездесу барысында инвестор, мемлекеттік басқарудың кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жан жақты қарау тәсілі таңдандырғанын айтты.

-          Менің ойымша, ОҚО Қазақстан республикасының экономикалық жоспарындағы ең бірегей аймақтардың бірі. Мұнда облысты жаңғырту және индустриалды дамуын жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде, - деді ол.

Өз кезегінде АИО басшылығы облыс экономикасын жақсарту бойынша жасалынған және инвестицияларды қажет ететін бірнеше жобаларды ұсынды.

- Бұл жобалар өңірдің кәсіпкерлік әлеуетін жоғарылатуға және дамытуға бағытталған. Не үшін оларға инвестиция құю маңызды? Өйткені, бұл бағытта халықты жұмыспен қамтуға және ауыл шаруашылығында инновациялық технологиямен танысуға мүмкіндік бар, - деді Қуаныш Байтөре.

Келіссөздердің соңында итальяндық тарап инвестор ретінде әрекет ететін мен ауылшаруашылық тыңайтқыштарын өндіру бойынша келісімшартқа қол қойылды. Тәулігіне 20 тонна өндірістік қуаты бар ауылшаруашылық тыңайтқыштарын шығаратын зауытты 2018 жылдың сәуір айында іске қосу жоспарланып отыр. Ал, алғашқы өнім жеткізілімін сол жылдың мамыр айында жүзеге асыру күтілуде. Іске қосылғаннан кейін бірінші сатыда 80 000 литр сұйық тыңайтқыштар Еуропаға экспортталатын болады. Болашақта жоғары сапалы өнімдерді жүйелі түрде экспорттау жоспарланып отыр.

Айта кету керек, АИО шетелдік капиталдың бірнеше жобаларын дамытуды ұйымдастырушысы және провайдері болып табылады. Атап айтсақ, бүгінгі күнге дейін, бірқатар шетелдік компаниялармен облысқа инвестиция тарту бойынша, сондай-ақ аймақтық инвестициялық орталық қаржыландырған тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару туралы меморандумдарға қол қойылды.

Аталған кездесу нәтижесінде келесі жылды облысымызға итальяндың компаниядан елеулі инвестиция тартылады, деп күтілуде.

 

Ескерту: Мр. Лука Туррин «Turrin Legacy SA» холдингінің иесі болып табылады. Компания Бразилия, Мароккко және Бенин мемлекеттеріне инвестиция салу мен айналысады. Компанияның жылдық айналымы 250 млн.долларды құрайды. Мекеме ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріспен айналысады. Сондай ақ, Епропаға агрохимикаттарды тарату, жылыжайлар құру және дизайн саласында қызмет көрсетеді.