Бүгін «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Ақмарал Байсейітқызы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Манатжанұлы жастармен кездесті.
Кездесу шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы жастар жобаларының аймақтық форумы шеңберінде өтті.
Нақтырақ айтсақ, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы - Жастар корпусын дамыту жобасы пилоттық режимде іске асырылған болатын. Бүгінгі форумда облыстағы барлық аймақтағы жастардың жүзеге асырылған жобаларын іске асыру нәтижелері көрсетіліп, үздік жобаларға көрме ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымының басшылары қатысып, бизнес жобасын жүзеге асырғысы келетін жастармен жеке танысып шықты. Жобаларын көрді. Мүмкіндіктерін, қабілеттерін тексере келе «Жас кәсіпкер» байқауына қатысуға шақырды. А. Байсейітқызы байқаудың жастарға беретін мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып, есігіміздің әрқашан жастар үшін ашық екенін жеткізді.