21 Август 2017

Үстіміздегі жылдың 18- тамызында, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның құрылғанына 20 жыл толды.

Осы айтулы мерекеге орай, «Даму» Қоры Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында, футболдан аймақтық мини – турнир ұйымдастырды. Шымкент қаласында өткізілген турнирге облыстағы барлық қаржы институттары, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және екінші деңгейлі банктерден құралған 12 команда қатысты. Финалға екі екі қаржы институты шығып, Шымкент қаласы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" 1-орын, ал "ОҢТҮСТІК" АИО 2-орынды иеленді. Жүлделі 3-орынға "Ырыс" МҚҰ ие болды.

Жеңіске жеткен командалар Фонд кубогымен, алтын медаль және құрмет грамоталарымен марапатталды.