17 Июль 2017

«ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС басқарма төрағасы Қ.Байтөре және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Т.Адешов өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Аталған меморандумға сәйкес бірегей бизнес және әлеуметтік жобаларды ілгерілету және іске асыру мәселелері бойынша жұмыстар жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, ортақ қызмет мәселелері бойынша конференция, форум және семинарлар бірлескен түрде ұйымдастырылады.

Құжатқа қол қою рәсімінде «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС басқарма төрағасы Қ.Байтөре серіктестік қатынастарын құру облыс экономикасын тағы да дамытуға ықпал ететіндігін, сондай-ақ бизнесін әрі қарай дамытқысы келетін кәсіпкерлерге баға жетпес көмек болатындығын жеткізді.

Айта кету керек, аймақтық инвестициялық орталық пен банк арасындағы ұзақ мерзімді, нәтижелі және өзара тиімді серіктестік Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Дегенмен, аталған ынтымақтастық аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға ғана емес, ортақ жаңа басым инновациялық жобаларды жүзеге асыруға да серпін береді деп күтілуде.