«ОҢТҮСТІК» АИО Түркістан қаласы бойынша жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгені құрайтын 1 200 жобаны қаржыландырған.
Оның ішінде 2,02 млрд. теңгені құрайтын 1 178 жоба «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған. Жүзеге асырылған жобалар аясында 2 208 жаңа жұмыс орындары ашылған. Аталған жобалардың тынысымен кезекті пресс-тур барысында таныстық.
"ОҢТҮСТІК" АИО-нан қаржылай қолдау тауып, 70-тен аса адамды жұмыспен қамтып отырған "GrandMiks" жиһаз цехы индустриалдық аймақта орналасқан. Алған қаржысына керекті жабдықтарды сатып алып, бүгінде жұмысын жүйелі жолға қойып үлгеріпті.
"Түркістан-трасса" ЖШС - кірпіш шығаратын зауыты. "ОҢТҮСТІК" АИО-нан 88 млн.тг несие алып, жұмысын ашқан Бегманов Садырхан бүгінде Түркістан жəне Кентау қалаларын сапалы қышпен қамтамасыз етіп отыр. Цех 1 күнде 30 мың кірпіш шығарады екен. Кəсіпорын басшысы жұмыс орнын тағы да кеңейтуді жоспарлауда.
«Ырыс» микроқаржы ұйымынан мал бордақылау мақсатында Әзиев Кәрім (16 млн. теңге)мен Абраимов Зәкір (5 млн.теңге)деген кісілер бірге жалпы 21 млн. теңге несие алып, 173 бас бұқа сатып алыпты. Одан бөлек қорасында 220 бас қара малы бар шаруа қожалығы алдағы уақытта 4 шаруа қожалығы бірігіп кооператив ашамыз деп жоспарлап отыр екен.
«Марал» шаруа қожалығының төрайымы Садикова Қайша ханым «Ырыс» микроқаржы ұйымынан 3 млн. теңге көлемінде несие алып, жер телімінің 37 гектарына бидай, 30 гектарына қарбыз және 10 гектарына мақта егіпті. Дәл қазір осы егіндікте 30 шақты адам жұмыспен қамтылған. «Оншақты күнде бірінші болып қарбыздарым піседі, төмен бағамен өткізіп, балаларымның несібесін көрсем...»,- деп отыр Қайша апай.