Кезекті ауданаралық пресс-тур Кентау қаласында өтті.
Шара барысында журналистер "ОҢТҮСТІК" АИО арқылы қаржыландырылған ЖК «Жеті Жарғы» - Үтепаев Ахметтің шағын сүт цехына бас сұқты. Айран, қаймақ, сүзбе, құрт жəне сарымай сияқты сүт өнімдерінің 5 түрін шығаратын цехта 11 адам жұмыспен қамтылып отыр. Өнімдерімен Кентау, Түркістан жəне Шиелінің тұрғындарын қамтамасыз етеді екен. Оған қоса, өнімдер Кентау қаласындағы 16 балабақшаға да тасымалданады. Алдағы уақытта кəсіпкер "ОҢТҮСТІК" АИО-нан қаржы алып, қаланың екі жерінен сүт қабылдау бекетін ашуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, 2014 жылы цехқа жабдықтар сатып алу үшін кəсіпкерге 25 млн.тг көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдері "Ырыс МҚҰ" арқылы қаржыландырылған бірнеше кәсіпорындармен танысты.
• Тульбасиев Нурлыбек – мал шаруашылығына «Ырыс» МҚҰ-нан 3 млн.тг несие алған.
• Кульдеев Темірхан - Көлік жөндеу орталығы және автобөлшек дүкен ашуға «Ырыс» МҚҰ-нан 3 000 000 теңге несие алған.
• Курбанов Мухубилла - Тіс емханасына жабдықтар алу үшін «Ырыс» МҚҰ-нан 5 000 000 теңге несие алған.
Жалпы, «ОҢТҮСТІК» АИО ашылғалы бері Кентау қаласы бойынша жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгені құрайтын 554 жобаны қаржыландырған. Оның ішінде 1 млрд. теңгені құрайтын 546 жоба «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған.