«ОҢТҮСТІК» АИО ұжымы 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаларға шаттық сыйлайық!» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналды.
Балалардың көңілін көтеру мақсатында арнайы аниматорлар шақырылып, балалармен бірге концерттік бағдарламалар және эстафеталар өткізілді. Кеш барысында Орталық басшысы Қ. Байтөре бұл шара тек бастамасы екендігін және енді тұрақты түрде балалардан хабар алып тұратындығын айтты. –Біз балаларға күлкі сыйлау мақсатында қайырымдылық эстафетасын бастадық. Енді басқалар да үлгі алып, бұл дәстүрді жалғастырғанын қалар едік. Себебі балалардың көңілін көтеру үшін арнайы мереке күтудің қажеті жоқ, - деді АИО басшысы. Ұжымға өзінің ризашылығын білдірген балалар үйінің меңгерушісі, балаларға міндетті түрде сыйлық немесе тамақ алып келу міндетті емес, оларға сіздердің көңіл бөлулеріңіз маңызды, - деп, есіктерінің әрқашан да ашық екендігін білдірді.
Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері ән салып, би билеп өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар таратылды. Балалар өз тілектерін айтып, әуе шарларын аспанға ұшырды.