26 Май 2017

«ОҢТҮСТІК» АИО және Европалық қайта құру және даму банкі ортасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылуда.

ЕҚҚДБ қаржыландыру арқылы, сондай-ақ кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа білімдерге қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы шағын және орта бизнес орындарына қолдау көрсетеді. Осы серіктестіктің нәтижесінде АИО қаржыландырған жобалар аталған компания қызметтерін пайдалана алатын болады. Яғни оларға жоба басталғаннан оның іске қосылуына дейін қолдау көрсету, сонымен қатар, 10 000 евро грант бөлу арқылы, консалтингтік қызметтерге жұмысалған шығынның 50 пайызға дейінгі мөлшерін өтеу сияқты қолдаулар ұсынылуда. Қолдау стратегиялық жоспарлау, маркетингтік стратегияны әзірлеу, брендинг және алға жылжыту, құжат айналымын автоматтандыру жүйесін енгізу және тағы басқа сол сияқты консалтингтік жобаларға көрсетіледі. Ал ауыл шаруашылығы бойынша жобаның тиімділігін арттыру, өнімділігін арттыру, жануарлардың тұқымдық сапасын жақсарту және т. б. аясында кеңес беру қызметтері ұсынылады.