Кезекті кездесу Мақтарал ауданында өтті.
Оған кәсіпкерлік бөлімі, қаржы орталықтарының өкілдері қатысушыларға кооператив құрудың артықшылықтары, кооперативтерді қаржыландыру, Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялардың көлемі жөнінде және коопертивтерді ашу механизмі жайында толық мәлімет берді. «ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары А. Сауранбаев қаржы орталығы тарапынан кооперативтерге ұсынылатын жеңілдіктер туралы ақпарат берді. Ал, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының аудандық өкілі кооперативтерді несиелендіру бойынша жасалынған бағдарламаларға тоқтала отырып, шаруаларға олардың мән-жайын түсіндірді.