"Ырыс" МҚҰ Бақылау кеңесінің төрағасы Д. Мамыровтың қатысуымен «Ырыс»МҚҰ-ң конференц-залында марапаттау шарасы өтті.
Іс-шара барысында аталмыш қаржы ұйымының 2016 жыл бойы атқарылған жұмыстары талқыланып, бірқатар қызметкерлердің еселі еңбектері еленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды.
Құрмет грамота өткен жылдың қорытынды көрсеткіштеріне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін, лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал орындағаны және жұмыста қол жеткізген жоғары көрсеткіштері бойынша табысталды. Биылғы жылғы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектеріңіз жана берсін дейміз!