Тәуелсіздік – өзіміздің тағдырымызды дербес айқындауға мүмкіндік беретін іргелі құндылық. Егемендік лайықты өмір сүру құқығын сақтап қалу үшін күресуді талап етеді. Біз бірге болған жағдайда ғана Қазақстан экономикалық дамыған, саяси тұрақты, әлеуметтік табысты мемлекет бола алады.
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 25 жыл толып отыр.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Ізгі ниетпен, Арман Данаев
«ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы