Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта соңғы үлгідегі сәнді жиһаз жасайтын «Grand miks» жиһаз цехының жаңа өндірісі жұмысын бастады. Бұл цех жылына 4 түрлі (асхана, жатын бөлме жиһаздары, бұрыштама, шифонер) жиһаздың 24 мың данасын шығаруға мүмкіндігі бар.
Қазірдің өзінде еліміздің 14 облысына өнімдерін жөнелтіп отырған кәсіпорын басшылығы, өнімнің сапасы мен сәнін арттыру барысында үнемі ізденісте жүретінін айтады.
Жобаны жүзеге асыруда «ОҢТҮСТІК» АИО 68 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие беру арқылы қолдау көрсеткен. Бұл цех жобаның бірінші кезеңі болып саналады. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Келесі жылы екінші кезеңі іске қосылғанда бұл жерде 60 адам еңбек етпек.