Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар!
"ОҢТҮСТІК" АИО және "Ырыс" МҚҰ сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтайды!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!