"Ырыс" МҚҰ-ның директоры Хилола Назарметова Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесі қарсаңында облысқа сіңірген еңбегі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
"Айбары мықты – Ата Заң" тақырыбында Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында өткен Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара барысында өңір басшысы Б.Атамқұлов барша Оңтүстік жұртын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, 30-ға жуық азаматты «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады.