Сайрам ауданы! Аталмыш аудан «ОҢТҮСТІК» АИО мен «Ырыс» МҚҰ арқылы ұйымдастырылған кезекті көшпелі кездесудің соңғы бекеті болды. Дәстүрге сай қаржы орталығының өкілдері кәсіпкерлерді жемқорлыққа қарсы күресу бойынша жүргізіліп отырған іс-шаралар барысында белсенді ат салысуға шақырды.
Өз кезегінде кәсіпкерлердің сұрақтары мен ұсыныстары да тыңдалды. Атап айтқанда, қатысушыларды негізінен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы және өзге де бағдарламалар аясында несие алудың шарттары қызықтыратын көрінеді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер аталмыш бағдарлама аясында берілетін несие мөлшерін де қайта қарастыруды ұсынды.
Айта кету керек, бір апта бойы жалғасқан көшпелі кездесу барысында қаржы орталығының өкілдері жоғарыда атап өтілген және өзге де ұсыныстарды назарға алып, алдағы уақытта олардың барлығы қаралып шығатынын, сонымен қатар, осындай іс-шаралар арқылы кәсіпкерлерге барынша жағдай жасауға күш салынып жатқандығын баса айтты.