Басқарма

Тулендиева Сауле Шорабековна
Басқарма төрағасының орынбасары

1974 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

1991-1999 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
2003-2007 жж. Қазақстан халықтар Достығы университеті
2020 ж. Мирас университеті
Мамандығы: Су ресурстарын үнемді пайдалану және ағындарды тазалау; Заңтану; Есеп және аудит
Біліктілігі: Инженер – технолог, Экономика және бизнес

Еңбек жолы:
2005 жылдың қазаны мен 2007 жылдың ақпаны аралығында ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметінің «ОҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК, Шымкент қаласында Халықпен жұмыс жасау мен құжаттарды қабылдау, беруді ұйымдастыру бөлімінің 2 санаттағы маманы;
2007 жылдың ақпан айынан 2008 жылдың шілде аралығында Қазақстан Республикасының Әділет департаментінде халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы;
2009 жылдың мамыр айынан бастап 2010 жылдың мамыр айына дейін «APPRAISER» тәуелсіз бағалау орталығы» ЖШС, Шымкент филиалында құқықтық талдау бөлімінің маманы;
2010 жылдың мамыр айынан бастап 2017 жылдың тамызына дейін «Ырыс» МҚҰ» ЖШС, Шымкент қаласында Заң қызметінің заңгері, бастығы, проблемалы несиелермен жұмыс жасау мен мониторинг бөлімінің жетекші менеджері, проблемалы несиелермен жұмыс жасау бөлім бастығы;
2017 жылдың тамызынан бастап қазіргі кезге дейін «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-де Басқарма төрағасының орынбасары, Түркістан қаласы

Артқа