Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасарының тапсырмасына сәйкес ,Түркістан қаласында апта сайын өткізілетін сенбілікке Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасымен бірге «ОҢТҮСТІК » АИО және «ЫРЫС» МҚҰ ұйымдары белсенді қатысты.
30 қараша Түркістан қаласындағы А.Жүнісбеков көшесінде келесі жұмыстар жүргізілді :
- газ мәселесі , халыққа таратпа қағаздар таратып,ауызша түсіндірме жұмыстары;
- көшеттерді түгендеу,тіркеу, инвентарлы сан беру ;
- меморандум түзу, әр блокқа 2-3 меморандум бекітті;
- үйлердің қас беттері (фасады), үйлерді суретке түсірді;
- қоқыс шығару мәселесі, тұрғындардан тиісті мекемемен келісім-шарт бар-жоқтығын cұрап шықты;
Алдыңғы аптада ұжым бірлесе отырып құрылыстан қалған қалдықтарды шығарып, шөптерді шауып , 100 түп көшет ағаштарын отырғызған болатын. Түптеп айтқанда, сенбілік серпінді өтті деуге негіз бар.

