Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ. Бәйдібек би 27А

Тел.: 8/7252/ 42-63-73, 8/7252/ 42-64-21.

Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

ОҚО-ң барлық аудан және қалаларында несие шарттары және қажетті құжаттар бойынша кеңес беретін аймақтық менеджерлер жұмыс істейді 

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

«Ырыс» МҚҰ» қаржыландырудағы басым бағыттары ОҚО ауылшаруашылығы саласындағы жобаларды қолдауға арналған, сондай-ақ әлеуметтік маңызы жоғары жобалар:

  • Мал бордақылау алаңдарын құру
  • Жылыжай шаруашылығын дамыту
  • Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу
  • Тұтынушылық тауарларды өндіру және қызмет көрсету 

 

«ЫРЫС» МҚҰ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ

«Ырыс» МҚҰ жеке кәсіпкерлерді, шаруа қожалықтарын және заңды тұлғаларды қаржыландырады.

Қаржыландырудың ең жоғарғы сомасы 8000 айлық есеп көрсеткішінен аспайды. 

«Ырыс» МҚҰ қаржыландырудың келесі бағыттарын ұсынады:

  • Тікелей қаржыландыру (микронесиелер):
  • Өз қаржысы есебінен – жылдық сыйақысы 7пайызға дейін, қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін;
  • Сырттан тартылған қаражат есебінен жылдық сыйақысы 14 пайызға дейін, қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін;
  • Қаржылық лизинг – жылдық сыйақысы 9 пайызға дейін, қаржыландыру мерзімі 5жылға дейін.

Әлеуетті және қолданыстағы қарыз алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, микронесиелендіру өнімдері мынадай түрлерге бөлінеді:

Ырыс-агро – өсімдік шаруашылығы, жылыжай шаруашылығын дамыту, бау-бақша үшін;

Ырыс – мал шаруашылығы – мал шаруашылығы үшін (бордақылау және мал басын көбейту);

Ырыс- жеңілдік – шағын және орта бизнес субъектілері үшін (басым бағыттағы жобалар үшін)

Ырыс – ауылдағы бизнес - шағын және орта бизнес субъектілері үшін;

Ырыс-бизнес - шағын және орта бизнес субъектілері үшін;

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы – бағдарламаға қатысатын шағын және орта бизнес субъектілері үшін;

Ырыс-лизинг - шағын және орта бизнес субъектілері үшін;

 

АРЫНҒАЗИН ДАНИЯР МАНАТЖАНҰЛЫ

ДИРЕКТОР

БІЛІМІ

2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Математика» мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы Туркия Республикасының Анкара Мемлекеттік университеті жанындағы «ТОМЕR» тіл үйрену мектебін аяқтаған.

2009 – 2010 Туркия Республикасындағы «Gazi» Мемлекттік университетінің «Математика» мамандығы бойынша оқу курсынан өткен.

2016 жылы ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік кызмет Академиясының Халықаралық қатнастар біліктілігі бойынша магистрі дәрежесін аяқтаған.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

2011 – 2014 ж.Туркия Республикасының Анкара қаласындағы Қазақстан елшілігінің қызметкері;

2016 – 2017 ҚР Сыртқы Істер министрлігінің консулдық қызмет департаменті;

2017 жылдың сәуір айынан бастап ОҚО, Шымкент қаласындағы «Ырыс»МҚО» ЖШС – нің директоры қызметін атқарып келеді.

Қазақ,орыс, түрік және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

СУЛЕШОВ ЕРБОЛ ХАЙРУЛЛАҰЛЫ

 

ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ

БІЛІМІ

2001 ж Ясауи атындағы Мемлекеттік Халықаралық қазақ-түрік университетін «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және туризм» мамандығы бойынша бітірген.

2011 ж Қазақ гуманитарлы заң университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

2001 ж желтоқсан - 2002 ж мамыр «Яссы» халықаралық қонақүйінде администратор;

2002 ж мамыр – 2003 ж қаңтар «TEHNO HOTEL» ЖШС-де қонақүй маркетингі менеджері;

2003 ж қаңтар – 2003 ж мамыр «TEHNO HOTEL» ЖШС-де маркетинг қызметінің басқарушысы;

2003 ж мамыр – 2005 ж ақпан «Орта - Несие» кредиттік және депозиттік серіктестік» ЖШС-нде қаржыландыру және несиелендіру департаментінің несие меннеджері;

2004 ж сәуір – 2006 ж маусым «Орта - Несие» МҚҰ» ЖШС директоры;

2006 ж сәуір – 2007 ж қаңтар «Арнұр Кредит» ЖШС несие бөлімінің басшысы;

2007 ж қаңтар – 2007 ж желтоқсан «Арнұр Кредит» ЖШС директорының орынбасары;

2006 ж маусым – 2007 ж наурыз «Сан кредит» ЖШС директоры;

2007 ж мамыр – 2008 ж қаңтар «ОРДА Капитал» Басқарушы компания» АҚ-ның несие қоржынын басқару бөлімінің басшысы;

2008 ж қаңтар – 2012 ж қаңтар «ОРДА Капитал» Басқарушы компания» АҚ-ның несие қоржынын басқару бөлімінің басшысы, Басқарма Мүшесі;

2012 ж қаңтар – 2014 ж мамыр «ОРДА Капитал» Басқарушы компания» АҚ-ның Қазынашылық департаментінің директоры;

2008 ж шілде – 2010 ж қыркүйек «Даму кредит» МҚҰ» ЖШС директоры;

2013 ж маусым – 2014 ж сәуір «Арнұр Кредит» ЖШС несиелендіру департаментінің директоры;

2014 ж сәуір – 2015 ж маусым «Арнұр Кредит» ЖШС директорының орынбасары;

2015 ж желтоқсан – 2016 ж наурыз «Максимум» АИО» ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары;

2016 ж наурыздан бастап «Ырыс» МҚҰ» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқаруда.

МҰҚАНОВ ШЫҢҒЫС САПАРБЕКҰЛЫ

 

ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ

БІЛІМІ

2000 ж Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері унисерситетін «аударма ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 ж. Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ

2000 ж желтоқсан – 2001 ж шілде «Алматы» қаржы экономикалық орталығының жоспарлау, қаржы көрсеткіштерін талдау және ағымдағы қаржыландыру бөлімінің 2-деңгейлі экономисті;

2001 ж шілде – 2002 ж наурыз «Алматы» қаржы экономикалық орталығының жоспарлау, қаржы көрсеткіштерін талдау және ағымдағы қаржыландыру бөлімінің 1-деңгейлі экономисті;

2005 ж тамыз – 2006 ж желтоқсан «Валют-транзит Ломбард»та сарапшы-бағалаушы;

2006 ж желтоқсан – 2007 ж наурыз «Евразийский банк» АҚ-ның №15 кепілдікпен қамтамасыз ету филиалының маманы;

2007 ж наурыз – 2007 ж желтоқсан «Евразийский банк» АҚ-ның №15 кепілдікпен жұмыс жасау филиалының маманы;

2008 ж сәуір – 2009 ж маусым «Апат салдарын жою және қалпына келтіру дирекциясы» МКК-да жабдықтау бөлімінің жетекші маманы;

2009 ж маусым – 2013 қаңтар «Ырыс» МҚҰ ЖШС-де несие сарапшысы;

2013 ж қаңтар – 2016 ақпан «Ырыс» МҚҰ ЖШС несие бөлімінің басшысы;

2016 ж ақпан айынан бастап «Ырыс» МҚҰ ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

«Ырыс» МҚҰ «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС және «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-ң еншілес ұйымы болып табылады.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы несиелендіру нарығында 2009 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. 

ОҚО-ң барлық аудандарында микроқаржы ұйымының аймақтық өкілдері жұмыс жүргізеді. 

"Ырыс"микроқаржы ұйымының негізгі мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік бағыттағы салаларын несиелендіру арқылы, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту. "Ырыс" МҚҰ ұсынған шарттар қол жетімді болу үшін, барынша жеңілдетілген. Мұнда, жұмыс жасап тұрған бизнес жобалармен қатар,бастапқы бизнес жобалар да қаржыландырылады.Бүгінгі күнге дейін берілген микронесиелер, қаржыландыру көзіне байланысты жылдық сыйақысы 6 - 14 пайызбен таратылады. Айта кету керек, ұйым тарапынан қаржыландырылған жобалардың 90 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.

 

«ЫРЫС» МҚҰ-ң АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  1.  Облыстағы жылдық сыйақысы 7 пайызды құрайтын жалғыз микроқаржы ұйымы.
  2. Аудандарда аймақтық менеджерлері қызмет атқарады.
  3. Ауылдық жерлерде жылжымайтын мүліктерді кепілге алады.
  4. Қызмет көрсету бойынша комисиялық шығындары жоқ.
  5. Қаржыландырудың қолайлы шарттарын таңдаған. Яғни, әр жобаның ерекшеліктеріне қарай жеңілдетілген төлем кестесі жасалынады.

 

«ЫРЫС» МҚҰ ЖЕТІСТІКТЕРІ

2013 жылы ҚР ауылшаруашылығы Министрлігі тарапынан «Ырыс» МҚҰ-ң ауылшаруашылығына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасы берілген

2014 жылы «Ырыс» МҚҰ-на «B stable» рейтинг агенттігінің «Microfinanza Rating» рейтинг бағасы бағасы берілген