• baner1kaz
  • baner2kaz

«Өзіміздің өнімді қолдайық» атты ұранмен алғаш рет Шымкент қаласында «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңке бастау алды. Ерекшелігі – жәрмеңкеде тек қана «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада сатуға шығарды. Олар үшін орындар тегін беріліп, сатушыға да сатып алушыға да компания барлық жағдайды жасап беруде.

Жәрмеңкеде 40 шақты кәсіпкер өз тауарларын нарықтан төмен бағамен сатылымға шығарды. Олардың ішінде азық-түлік: ет және сүт өнімдері, балық және шұжық өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер басым бөлігін құрайды. Одан бөлек, жеңіл өнеркәсіптік тауарлар, қолдан жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары, сондай-ақ балалар үшін ойыншықтар да бар. Ең бастысы бұлардың бәрі оңтүстікте жасалынып, инвестициялық орталықпен қаржыландырылған. 

 

 KORME KAZ

 

expo

Толығырақ көру

Көрме нәтижелері

КӨРМЕЛЕР

СЕРІКТЕСТЕР

Go to top