• baner1kaz
  • baner2kaz

 

«Ұлттық экспорттық стратегия» Бағдарламасы туралы анықтамалық ақпарат

Бағдарлама "Қазақстан-2050" стратегиясына сәйкес шикізат емес экспорттың 2025 жылға қарай екі есе және 2040 жылға қарай үш есе өсуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай және біртұтас саясат қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекеттің саяси және экономикалық стратегиясы экспортқа бағдарланған шикізат емес секторды кеңейтуге назар аудара отырып, жаңа өндірістерді дамыту қажеттігін мақсат еткен.

         Бағдарламаны іске асыру нәтижелері бойынша отандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтардағы позицияларының нығаюы, транзакциялық шығасылардың, оның ішінде кедендік рәсімдеумен және логистикамен байланысты шығасылардың қысқаруы күтілуде.

Бағдарламаның қысқа мерзімдік мақсаты мен міндеті шеңберінде шикізаттық емес экспорт көлемін 2022 жылға қарай 1,5 есе ұлғайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу және экспорттау нарықтарын әртараптандыру қажет.

Бағдарламаның әлеуетті міндеттерінің бірі республика брендін жасау, ілгерілету және танымалдығын арттыру болып табылады.

2017 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Экспорттық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылды, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы әріптестік қағидатына негізделген консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес ұлттық экспорттық саясаттың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, оның іске асырылуын мониторингілеу және бағалау үшін құрылған.

Қысқа мерзімдік мақсатқа қол жеткізу үшін Бағдаламамен 4 негізгі міндет қойылған:

  1. Экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық негіздерін күшейту;
  2. Экспорттаушыларды қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шараларын көрсету;
  3. Экспортты дамытуға кедергі келтіретін бөгеттерді жою;
  4. Көрсетілетін қызметтер экспортының даму жағдайларын жақсарту.

Бірінші міндет шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға экспорттық әлеуеті бар өндірістерді қолдау және өңірлер кәсіпорындарының экспорт көлемін ұлғайтатын технологияларды енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет.

Бағдарламаны Түркістан облысы аумағында сәтті жүзеге асыру үшін әкімдікпен «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы жанынан қызмет атқаратын Жобалық офис құрылған.

Қазіргі таңда, Жобалық офис «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірге жергілікті әкімдіктердің қолдауымен сыртқы нарыққа бағдарланған өндірістерге кешенді қолдау көрсету үшін экспорттаушылардың тізілімін құрды. Экспорттаушылармен экспорттық әлеуетті дамыту және өнімдерді экспортқа ілгерілету үшін қаржылық және сервистік қолдаулар көрсету үшін нақтылы жұмыстар жүргізілуде.

Экспортқа бағдарланған кәсіпорынды Бағдарламаның Жобалық офисіне жүгініп Тізілімге қосуға болады.

Қолда бар өнеркәсіптерден бөлек, облыс аудандарында экспорттық қызығушылық елдеріне бәсекеге төзімді шикізат емес өнімдерді шығаратын жаңа өндірістік қуаттарды құру қажет.

Жобалық офиспен Түркістан облысының аудан/қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, Түркістан облысының шикізат емес экспорт көлемін арттыру бойынша қысқа мерзімді мақсаттағы Жол картасын құрылуда.

Осыған орай, өкімет органдарына жаңа технологиялық экспортқа бағытталған жобаларды құру мен өңдеуге жер телімдерін бөліп беру арқылы конкурстар ұйымдастыру қажет. Бәрімізге мәлім болып отырғандай, шикізат емес экспорттық әлеует ғылыми-техникалық өңдеулер мен технология трансферлері негізінде құрылады. Сондықтан, жергілікті басшылар жоғары технологиялық өңдеу арқылы алынған жаңа экспорт өнімдерін шығару үшін ғалым-инжинерлер, технологтар, білікті мамандар мен инвесторларды тарту қажет. Бұл тактика тауарларды жоғары қосылған құн арқылы алуға мүмкіндік береді, яғни үрдістердің экономикалық тиімділігін арттырады.

Қазақстандық өнімдерді халықаралық нарықта жүргізудің ең маңызды критерийлерінің бірі оны брендтеу – қазақстандық өнімнің танымалдығы, органикалық құндылығы мен сапасы. Осы мақсаттарда "KazBrands": Organic Qazaq, KazMeat, Halal шеңберінде зонттық брендтер Концепциясы қабылданды.

     Аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа өндірістерді құру және жаңғырту бойынша, келесі тауарлық топтар жеке назарды талап етеді:

-жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары;

-тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары;

-былғары өнімдері, теріден және олардан жасалған бұйымдар;

-аяқ киім, бас бұйымдары және галантереялық тауарлар;

-ағаш, орман материалдары және целлюлозды-қағаз бұйымдары;

- химия өнімдері және онымен байланысты өнеркәсіп салалары;

-металдар және олардан жасалған бұйымдар;

-машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар;

- құрылыс материалдары;

-өзге де тауарлар (жиһаз, ыдыс-аяқ, шамдар, бөтелкелер және т.б.).

Екінші міндет шеңберінде "экспорттаушыларға қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын көрсететін" өңірде келесі даму институттары құрылған:

  1. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру Компаниясы» АҚ;
  2. «Түркістан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;
  3. Түркістан облысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы АҚ»;
  4. «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы ЖШС.

Түркістан облысының экспорттаушыларының қажеттіліктері мен проблемалық мәселелерді талдау негізінде, жобалық офис жаңа қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын әзірлеуде.

Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен даму институттары бірлесе отырып экспорттаушыларды қолдауға жәрдемдесу қажет.

Үшінші міндет шеңберінде – «Экспорттың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою», кедендік рәсімдердің ауыртпалықтарын азайту, сертификаттарды беру рәсімдерін жеңілдету, экспорттық-импорттық мәмілелер үшін «Бір терезе» ақпараттық жүйесін енгізу (тауарларды электрондық декларациялау) сияқты экспорттық рәсімдерді жетілдіру жоспарлануда. Көліктік, логистикалық және кедендік инфрақұрылымды дамытуға жоғары назар аударылуда.

Қазақстан Республикасы мен басымдық және жоғары қызығушылық танытқан елдер арасындағы тауарларға қатысты стандарттар мен техникалық талаптардың өзара мойындалуына жол бермейтін кедергілерді тез жою қажет.Шетелдік нарықтарға экспортты ынталандыру үшін жағдайларды жақсарту, сонымен қатар, Ведомствоаралық комиссияның (ВК *) ветеринарлық және карантиндік (фитосанитарлық) талаптар бойынша үшінші елдердің нарықтарына қол жеткізуді шектеу және оларды шектеу жөніндегі екі жақты келіссөздер жүргізуіне жағдай жасау.

* ВК - Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Экспортты жылжыту саласында үйлестіруді жетілдіру мақсатында Бағдарлама тауарлар мен қызметтер экспорты жылжыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуде ВК функцияларын кеңейтуді көздейді.

Төртінші міндет шеңберінде – «Көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту жағдайларын жақсарту», экспортқа бағытталған «қызмет көрсету» секторларын дамыту жоспарланған. ЕАО-ға мүше елдер арасында мультимодальды тасымалдау қызметтері, транзиттік көлік дәліздері бойындағы жол және қонақ үй қызметтерін дамыту, жаңа туристік өнімдер - оқу, тарихи, қажылық, медициналық және денсаулық, этно-эко туризмі.

Өздеріңіз білетіндей, Ұлы Жібек жолының орталығында орналасқан біздің аймақтағы қызмет көрсету саласы үлкен өсу резерві болып табылады және Түркістан қаласы айтарлықтай туристік әлеуетке ие.Осыған байланысты Түркістан аймағында экспортқа бағдарланған қызметтерді дамыту бойынша ұйымдармен және мекемелермен бірлескен жұмыс жүргізілуде, оның нәтижесі дамыған инфрақұрылымы бар арнайы туристік аймақтарды ұйымдастыру болып табылады. Аймақтың экономикасын дамытуда «Ұлттық экспорттық стратегия» Бағдарламасының стратегиялық маңыздылығын тағы бір рет атап өту қажет, бұл біздің аймақтың барлық әлеуетін белсенді түрде тарта отырып, жобалық үдерістерді басқаруды болжайды.

                                                        ***

Түркістан облысындағы «Ұлттық Экспорттық Стратегия» Бағдарламасы Жобалық кеңсесінің құрамы:

1 НарметовТулкин 8 702 592-45-69
2 ҚожабаеваАқерке 8 702 622-06-08
3 АзадоваМуаттар 8 708-541-57-75
4 АчиловНурбек 8 701 940-29-78
5 ТоғумбетовТалғат 8 701 754-55-05
6 Бочоришвили Георгий 8 775 210-35-65
7 ҚамбаровҚанат 8 775 427-13-66
8 СәрсембаеваҚұралай 8 708 858-50-01
9 АсиловаАнель 8 747 703-27-05

Эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Толығырақ көру 

Баға парақшасы

 

image export

 

RIC ON EXPORT

СЕРІКТЕСТЕР

Go to top