• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-ДА «ЫРЫС» МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ АРҚЫЛЫ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮРІП ЖАТЫР
13 Октябрь 2016

Бұл туралы бүгін ОҚО аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Хилола Назарметова мәлімдеді.

«Биыл «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы бойынша облысымызға 7,0 млрд.теңгеден астам қаражат бөлініп, оның 3,8 млрд.теңгесі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы таратылды. Аталмыш қор арқылы берілетін несиенің ең жоғарғы сомасы 3,0 млн.теңгені құраса, «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы таратылатын несиенің максималды сомасы 6,0 млн. теңгені құрайды»,- деді Х.Назарметова. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында несие алуға ниет білдірген азаматтар ең алдымен бағдарламаның талаптарына сай келу керек. Берілетін несиенің максималды сомасы 6,0 млн.теңге, жылдық сыйақысы 7%, 54 айға дейін беріледі. Ал несие алушыларға қойылатын талаптар: бизнесті (жобаны) іске асыратын орнының болуы, несие тарихының таза және соңғы 12 ай ішінде төлемі кешіктірілген несиесі болмауы шарт. Айта кетейік, өңірімізде 2011-2013 жылдар аралығында «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы аталған бағдарлама аясында 1003 жоба 2,1 млрд.теңгеге қаржыландырылған. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 1,8 млрд. теңгеге 888 жоба; егін шаруашылығы бойынша 106,5 млн.теңгеге 44 жоба; ал әр түрлі қызмет түрлері бойынша 150 млн. теңгеге 71 жоба қаржылай қолдау тапқан.