БАҚ біз туралы

ОҚО-ғы инвестициялық орталық индустрияландыру картасына енген 36 жобаны қаржыландырған

Бүгінде «ОҢТҮСТІК» АИО-ның несие қоржыны 12 665 млн. теңгеге ал, «Ырыс» МҚҰ несие қоржынының көлемі 10 664,0 млн. теңгені құрап отыр.

smi kaz 1

3 октября 2017, 17:50
Осы жылдың сегіз айында «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржы ұйымы бірлесе 5 868,5 млн. теңгені құрайтын 2 096 жоба несиелендірілген, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
 
Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре мәлімдеді.
 
Оның мәліметі бойынша, қаржыландырған жобалар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,5 пайызға артқан. Ал қаржыландыру сомасы 20,5 пайызға көбейіп отыр. Ал, 2017 жылы қаржыландырылған ең көп жоба Мақтарал ауданы болып отыр. Яғни, 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 443 жоба қаржылай қолдау тапқан.
 

«2009 - 2017 жылдар аралығында қаржыландырылған жобалар келесі басым бағыттар аясында жүзеге асырылды. Атап айтсақ, Индустрияландыру картасына енген 36 жобаны сомасы 7 697,2 млн. теңгеге қаржыландырса, мал шаруашылығы бағытында 22 957,3 млн. теңгеге 10 186 жобаны, дала жұмыстары бойынша 6 075,9 млн. теңгеге 5 098 жобаны, ал, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге 1 559,2 млн. теңгеге 55 жоба сынды тағы да басқа түрлі бағыттар қаржыландырылған», - деді Қуаныш Байтөре.

 
Бүгінде «ОҢТҮСТІК» АИО-ның несие қоржыны 12 665 млн. теңгеге ал, «Ырыс» МҚҰ несие қоржынының көлемі 10 664,0 млн. теңгені құрап отыр. Инвестициялық орталықпен қаржыландырылған жобалардың 34 пайызы өндірістік бағытта болса, микро қаржы ұйымының несие қоржынының 65 пайызы мал шаруашылығына бағытталған.

smi kaz 2

smi kaz 3

smi kaz 4